
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының Бюджет және экономикалық даму, Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыста Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі есептері қаралып, бюджет қаражатының игерілуі мен даму көрсеткіштерінің орындалу барысы талқыланды.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының есебі қаралып, туризм әлеуетін арттыру, халықаралық байланыстарды дамыту және креативті индустрияны қолдау бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалды.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне қосымша маршруттар енгізу мәселесі айқындалды.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіріп, алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.