ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Тұран ауданының тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуі өтті. 

Кездесуге қала мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов, ауданнан сайланған депутаттар, әкімдік өкілдері, жауапты сала мамандары, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында мәслихат төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Б. Нарымбетов Жаңа Конституция жобасымен таныстырды. Мәслихатының құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ш. Қозбахов 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу, қоғамдық автокөліктердің қызмет көрсету сапасы мен жол жүру сызбасына өзгерістер енгізу, жол белгілерін орнату, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Тұрғындардың талап-тілектері тыңдалып, сауалдарына жауап берілді. Өтініштердің орындалу барысы тұрақты бақылауға алынып, күрделі мәселелерді шешу бойынша депутаттар тарапынан құзырлы органдарға сауалдар жолданатын болады.