Кездесулер өтті

Кездесулер өтті
Өздеріңізге белгілі, Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерде халықпен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, аумақтың тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделеп, Парламентте атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін қарастыруда.
Осы орайда, ҚР Парламенті Мәжілісінің “AMANAT“ фракциясы депутаттары Данабек Ержанұлы Исабеков, Болатбек Нәжметдинұлы және Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесовпен кездесу өтті.
Кездесу барысында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысын, 2026 жылға жоспарланған жұмыстар мен даму бағыттарын талқыладық. Қалада жүзеге асырылып жатқан жобаларға талдау жасап, өзекті мәселелер мен оларды шешуге бағытталған қадамдар бойынша пікір алмастық.
Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаттары «Alsera KZ» заманауи жылыжай кешенінің жұмысымен таныстық. 650 га құрайтын жылыжай кешенінде толық іске қосылғанда жылына 155 мың тоннаға дейін көкөніс өндіріп, 5 мыңға жуық азаматты тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сонымен бірге жоба аясында кешенде заманауи зертханалармен жабдықталған мамандандырылған академия ашып, кадрлар дайындау, өнім өндіру көлемін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде жобаның І-кезеңінде 350 қазақстандық азамат жұмыспен қамтылып, қызанақ өсіру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ «АЛЕМ-БТ» ЖШС кәсіпорнына барып, шұлық өнімдерін өндіру барысымен және тоқыма өнеркәсібіндегі заманауи технологиялық үрдістермен таныстық. Кәсіпорынның өндірістік әлеуеті мен алдағы даму жоспарлары қаралды.
Жалпы мәжіліс депутаттары жұмыс сапары барысында түрлі әлеуметтік топтар жастармен, жұмысшылармен, кәсіпорын қызметкерлерімен, еңбек ұжымдары мен қызметкерлерімен, қала тұрғындарымен кездесіп, бірнеше нысанды аралау жүргізді. Кездесулер қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жандандыруға, өндіріс пен инвестицияны қолдауға, қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтау, оларды орталық атқарушы органдар, үкімет пен парламент деңгейінде көтеру және халықпен кері байланысты күшейтуге бағытталған.
Халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Бірқатар маңызды мәселелер назарға алынды.