Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі өтті. Мәжілісті мәслихат төрағасы Б.Нарымбетов ашып, алдағы ХХХІ сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі 19 мәселе бойынша тиісті басқарма басшылары баяндамалар жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Қаралған негізгі мәселелердің қатарында:
- 2025–2027 жылдарға арналған бюджетті нақтылау және 2026–2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетін бекіту;
- 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысын тыңдау және 2026–2030 жылдарға арналған жаңа даму жоспарын бекіту;
- Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарын айқындау;
- Амбулаториялық ем кезінде көрсетілетін тегін медициналық көмек көлеміне өзгерістер енгізу;
- Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын және сыртқы жарнама орналастыру төлемақыларының мөлшерлемелерін бекіту;
- Тексеру комиссиясы мен мәслихат аппаратының ережелерін бекіту;
- 2026 жылға арналған мәслихаттың жұмыс жоспарын бекіту.
Мәжілісте жоғарыда аталған мәселелер бойынша талқылау өтіп, ұсынылған шешім жобаларын кезекті сессияның қарауына шығару мақұлданды.