
Бүгін Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарына арналған «Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында оқу семинары басталды. Семинар 8–10 желтоқсан аралығында өтеді.
Семинарды Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, мемлекеттік басқаруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Оқу семинарының алғашқы дәрісін Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Алихан Байменов «Мемлекеттік басқару: эволюция, трендтер және жаңа технологиялар» тақырыбында өткізді.
Іс-шараға мәслихат депутаттары мен аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Оқу семинары мемлекеттік басқаруда заманауи технологияларды меңгеру және депутаттардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.