Комиссиялардың отырысы өтті

Комиссиялардың отырысы өтті

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму және құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Комиссияға тұрақты комиссиялардың төрағалары Д.П. Қожамжарова мен Ш.Л. Қозбахов жетекшілік етті.
Мәжілісте тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу, әлеуметтік осал топтарға амбулаториялық ем кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды беру, қаланың тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту, тұрғын үй сертификаттарының мөлшерлері мен алушы санаттарын бекіту, автокөлік құралдарын эвакуациялау, есепке алу және арнаулы тұрақтарда сақтау қағидаларын бекіту жобасы қаралды.

Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау туралы шешім қабылдады.