
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының Бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда,
1. Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы тыңдалды.
2. Қаланың 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту мәселесі қаралып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар мен қала дамуының жаңа бағыттары ұсынылды.
3. 2025–2027 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды.
4. 2026–2028 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетінің жобасы таныстырылып, алдағы үш жылдық кезеңдегі негізгі шығыс және кіріс параметрлері қаралды.
Комиссия мүшелері қаланың тұрақты экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуы және стратегиялық жоспарлаудың сапалы орындалуы қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мәселесіне басты назар аударды.
Депутаттар тарапынан бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қаржыны тиімді пайдалану, бюджеттің кіріс көлемін арттыру бойынша ұсыныстар беріліп, алдағы тұрақты комиссияларының отырысында қайта қарау бойынша шешім қабылданды.