БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссия отырысына Елшиева Альбина Балғабайқызы төрағалық етті.

Күн тәртібінде «2025 – 2027 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы
12 желтоқсандағы № 23/195-XVIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды.

Отырысқа Шымкент қаласы полиция, төтенше жағдайлар департаменттері бастықтарының орынбасарлары, аудан әкімдіктері мен басқармалардың  қызметкерлері қатысты.

Комиссия отырысында Шымкент қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е. Есқараев ағымдағы жылғы бюджетті нақтылау мәселелері бойынша баяндама жасады.

Нақтылау барысында қала бюджетінің шығыс бөлігі 42 млрд теңгеге артып, 850 млрд теңгеден 892 млрд теңгеге ұлғаяды.

Депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер қызу талқыланып, бірқатар ұсыныстар  берілді.

Бюджет жобасына ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды 16 қыркүйек күні өтетін тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау туралы шешім қабылданды.