2025 жылғы 26 тамыз күні Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы өтті.
Сессияға қала әкімінің бірінші орынбасары Кәрімов А.М., әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді.
Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы ашып, күн тәртібіне енген төмендегі мәселелер талқыланды:
1. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
2. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
3. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
4. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
5. Тұран ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
6. Шымкент қаласында білім беру саласында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы;
7. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы;
8. Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
9. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдері мен білім, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының басшылары баяндамаларын тыңдап, шешімдер қабылдады.
Сессия соңында қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы аудан әкімдерінің атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Жыл соңына дейін жоспарланған іс-шаралар, жаңа оқу жылы мен жылу маусымына дайындық барысын баяндады. Халық үшін қолайлы жағдай жасау – ортақ міндет екенін атап өтіп, осы бағытта депутаттармен бірлесіп, атқарған жұмыстарға алғысын білдірді.