Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті. Мәжіліске комиссия төрайымы Қожамжарова Дария Пернешқызы жетекшілік етті.
Күн тәртібінде «Шымкент қаласында білім беру саласында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына дайындық барысы» қаралды. Мәселе бойынша Білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.С. Қасымова баяндама жасады.
Депутаттар баяндамашыға мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын зерделеу барысында анықталған кемшіліктер, мемлекеттік мектептердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, білім беру ұйымдарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу, жаңа мектептер мен балабақшалар салу барысында қажеттілік, сұранысты ескеру, білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту (жылу, газ, электр, су жүйелері), білім сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру, цифрлық білім беру ресурстарын енгізу, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (бейнебақылау, дабыл және өрт сөндіру, күзет) жекеменшік мектептердің қызметін реттеу бойынша ұсыныс берді.
Комиссия аталған ұсыныстарды жан-жақты талқылап, мәселені мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында кеңінен қарау жөнінде қаулы қабылдады.