Бүгін мәслихат депутаттары Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесін талқылады.
Қазіргі таңда қаламыздағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі 87,6 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу – алдағы басты мақсаттардың бірі.
Осыған орай, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.А. Асылбеков халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Мәслихат депутаттары ұсынылған жобаларды жан-жақты талқылап, нақты ұсыныстарын білдірді.
Атап айтқанда, биылғы жылы 3,5 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, 240 бірлік жаңа медициналық құрал-жабдық сатып алу жоспарланған.
Бұл өз кезегінде медициналық ұйымдардың мүмкіндіктерін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай жақсартуға сеп болмақ.