Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен туристік және тарихи-мәдени нысандардың аумағында «Қоғамдық эко-бақылау» шарасы өтті.
Іс-шара барысында Шымкенттің ежелгі тарихи орны — Ескі қалашыққа (Цитадель) арнайы мониторинг жүргізілді.
Мақсат — мәдени мұра нысандарының санитарлық жағдайын бақылау, экологиялық ахуалды назарда ұстау және жұртшылықтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
🔎 Кеңес мүшелері тазалық, инфрақұрылым және табиғи ортаға зиян келтіретін факторларды анықтау бағытында өз бақылауларын жасады.
📍 «Таза Қазақстан» — әр азаматтың туған жеріне деген жанашыр көзқарасын қалыптастыратын маңызды бастама. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.