ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына Досалиев Қанатбек Балтабайұлы төрағалық етіп, депутаттар төмендегі күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
1. «Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/124-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 1990 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15/132-VIII шешiмiне өзгеріс енгізу туралы;
3. «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы.
Комиссия отырысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Ө. Өтебаева, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Д.Н. Жанзахов, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры А.Ш. Тобаева баяндама жасады.
Депутаттар тарапынан атқарылып жатқан шаралар мен нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланып, жұмыстарды одан әрі күшейту бойынша нақты шаралар қабылдауды атап өтті.