Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен
қала халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы 2025 жылғы 12 желтоқсанда сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
- Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы туралы;
- Шымкент қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы;
- «Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/124-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
5. Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы;
- Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссия төрағаларының атқарған жұмыстарының есептері туралы;
- Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату туралы;
- «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы;
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз етудің 2026 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов
Орын. А.Мырзабеков
Тел. 8 (7252) 24-74-06
Maslihat_shm@mail.ru