Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы
Туған жылы – 27 қаңтар 1972 жыл
Білімі Жоғары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде «саясаттану» мамандығын алған.
Еңбек жолын 09.1998-03.2001 жж Сарыағаш ауданы №13 кәсіби-техникалық мектебінің мұғалімі болып бастаған.
12.2001-05.2003 жж Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, кейіннен бөлім бастығы;
05.2003-02.2004 жж ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінде бас маман, бөлім бастығы;
12.2004-11.2006 жж ҚР Президенті Әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы;
11.2006-08.2008 жж Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат департаментінің директоры;
08.2008-12.2009 жж ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінде Ұйымдастыру секторының меңгерушісі;
12.2009-03.2010 жж ҚР Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;
03.2010-09.2015 жж Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
09.2015-07.2018 жж «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, «Азиялық газқұбыр» ЖШС-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша газ тасымалдау басқармасының директоры.
07.2018-12.2021 «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
01.2021 ж - 01.2023 ж Шымкент қаласының мәслихат хатшысы.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы.
Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы еңбек жолында атқарған еселі жұмыстары үшін «Астана қаласының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Белсенді қызмет үшін» Nur Otan партиясының төс белгісімен, «Құрмет» орденімен (2023 ж.), Елбасының және ҚР Президентінің алғыс хаттарымен, облыстық мәслихаттың Грамоталарымен марапатталған.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы.