МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ TULIP HALL КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ КЕШЕНІНЕ БАРДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ TULIP HALL КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ КЕШЕНІНЕ БАРДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты.

Президент тапсырмасына сәйкес бой көтерген бұл көрікті нысан бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. Сондай-ақ мұнда қолөнершілердің орталығы мен шеберханалары орналасқан.

Мемлекет басшысы Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты.