Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы М.Баимбетовтың төрағалығымен, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары, белсенді азаматтардың, пәтер иелерінің кооперативінің (КСК) және тұрғындардың қатысуымен Тұран - 2 шағын ауданындағы кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлердің қысқы мауысымға дайындығы бойынша талқылау жұмыстары болды.
Нәтижесімен бірқатар іс-шаралар өткізу бойынша тиісті мекемелерге, пәтер иелерінің кооперативіне (КСК) тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, су, жылу насостарының қандай қысымда жұмыс жасауы бойынша түсіндірілді.