"IGILIK PARK" ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

"IGILIK PARK" ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүріп жатқан "Igilik Park" тұрғын үй кешеніне барып, жұмыс барысымен танысты.

Қазіргі таңда 12 000 шаршы метрлік 200 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйге кәріз жүйесі мен су құбыры 95%-ға тартылып, электр желісі жүргізілуде.

-Халықтың сұранысы сапалы су, жарық және кәріз жүйелері. Бір рет жасалған жүйе ұзақ жылдар қызмет етуі керек. Сондықтан да сапаға аса мән беру керек"-деді қала әкімі тиісті сала өкілдерімен кездесу барысында.

Айтып өтейік, "Igilik Park" кешеніндегі пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алуға болады.

Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылуда.