Құрылыс басқармасы басшысының тұрғын үй құрылысы объектілерін аралауы

Құрылыс басқармасы басшысының тұрғын үй құрылысы объектілерін аралауы

Бүгін басқарма басшысы М.Баимбетовтың төрағалығымен Тұран шағын ауданындағы құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлерге аралау жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында мердігер, техникалық қадағалаушы және авторлық қадағалаушы мекеме өкілдеріне сапа бойынша нақты тарсырмалар берілді.
Сондай-ақ бекітілген өндірістік кестеге сәйкес тиісті жұмыстарды атқару тапсырылды.
Жалпы Тұран шағын ауданы 29-орамында 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.