«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы барысы туралы

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы барысы туралы

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының құрылыс басқармасы арқылы 2020 жылы 9 нысан іске асырылуда. Бөлінген қаржы 7 млрд. теңге. Нысандардың құрылысы барысында 405 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Оның ішінде;
- 4 инфрақұрылым нысандарында 104 жұмыс орны;
- 2 мектеп құрылысында 168 жұмыс орны;
- 1 спорт нысанында 47 жұмыс орны;
- 1 мәдениет нысанында 41 жұмыс орны;
- 1 абаттандыру нысанында 45 жұмыс орны.
Жоспарланған 405 жұмыс орны толық ашылды. 10 айда 4,5 млрд. теңге игерілді. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде 444,1 млн. теңге үнемделді.
2 нысан қарашада, 7 нысан желтоқсан айында пайдалануға беріледі.