
Басқарма басшысы О.Таджибаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында қала тұрғындары көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелеріне су өтуі, кәріз жүйелерінің толуы, реновация бағдарламасы және құрылысшылар күніне қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Көтерілген мәселелер бойынша басқарма басшысы жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді мердігер мекемелердің кепілдік мерзімі аясында екі апта ішінде қалпына келтіруді тапсырды. Сонымен қатар, реновация бағдарламасының талаптары түсіндірілді.