Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков аралау барысында Тұран шағынауданында салынып жатқан әмбебап жедел қызмет кешенінің құрылыс барысымен танысты

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков аралау барысында Тұран шағынауданында салынып жатқан әмбебап жедел қызмет кешенінің құрылыс барысымен танысты

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков аралау барысында Тұран шағынауданында салынып жатқан әмбебап жедел қызмет кешенінің құрылыс барысымен танысты. Әкімшілік ғимаратта жедел жәрдем, полиция мен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері орналасады.

Жобаның мақсаты – халыққа көрсетілетін көмек сапасын арттыру және қаланың қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосу. Қала әкімі нысанды уақытында аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ғимаратын және оның материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді. Құрылыс басқармасына ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуді ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды.