
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бүгін басқарма басшысы О.Таджибаев азаматтармен жеке қабылдау өткізіп, өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу, материалдық көмек көрсету және т.б мәселелер айтылды.
Басқарма басшысы азаматтарға заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріп, көтерілген мәселелер жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу бойынша жауаптыларға аталған тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объетісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу пәтерлер, тұрғын емес үй жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен жағдайда қабылданады.