
2025 жылғы 27 қарашада Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің төрағалығымен «2023 – 2025 жылдарға арналған еліміздің құрылыс объектілерінде жүк көтеру механизмдерінің (мұнара крандарының) операторларымен байланысты өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өлім-жітімді азайту жөніндегі жол картасы» шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді.
Кеңеске «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» ММ, «Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ, «Шымкент қаласының құрылыс басқармасы» ММ өкілдері, сондай-ақ жүк көтергіш крандарды пайдаланатын ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында кәсіпорындарда өндірістік бақылауды жүзеге асыру жолдары, мұнара крандарын жөндеуді, техникалық қызмет көрсетуді және техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізетін мамандандырылған ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер, сондай-ақ жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе мен пікірлерімен алмасты.