«КӨЛ» ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ АШЫЛАДЫ

«КӨЛ» ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы «Көл» демалыс аймағында жаңа субұрқақтың құрылысы аяқталды. Ол қаладағы бір мезетте отты және лазерлі шоу өткізілетін алғашқы кешенді құрылым болмақ.

Жарықпен рәсімдеу, лазер және файер-шоу кешенінің бірегейлігін күндіз де, түнде де айшықтап, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналдырары анық. Техникалық элементтің барлығы тапсырыспен шетелде әзірленген.

Қондырғылар аса жоғары технологиялы болғандықтан, жобаны іске қосу мерзімі аздап шегерілді, дегенмен, соңғы нәтиже мегаполистің көркін одан әрі ашары сөзсіз.

Субұрқақтар маусымы ресми түрде аяқталғанымен, нысан алдағы жылы күндері жұмыс істейді, содан кейін қысқы сақтауға қойылып, келесі маусымда қайта ашылады.

Субұрқақтың ашылу рәсімі ертең 17:30-да болады. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын бірегей шоуды тамашалауға шақырамыз.