ҚАЛА ӘКІМІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков аралау барысында «Тұран» және «Бозарық» шағынаудандарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен және абаттандыру жұмысымен танысты. Салынып жатқан үйлер қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге, жайлы өмір сүруге әрі қолайлы заманауи орта қалыптастыруға бағытталған.

Мердігер ұйымға жұмысты сапалы орындап, құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ аулаларды көгалдандыру мен сапалы абаттандыруға, балалар және спорт алаңшаларын орнатуға, қолайлы автотұрақ аймақтарын ұйымдастыруға ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек, Абай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысымен танысты. Бұл орталық ашылған соң ерекше жандарды жан-жақты қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналмақ. Мұнда олардың оңалуы мен қоғамға бейімделуіне кешенді жағдай жасалады.