ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Қала әкімінің орынбасары Е.Сейтенов, Бозарық шағын ауданындағы мемлекеттік бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын аралады.

 Аталған аумақта 1918 пәтерлі 36 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталатын болады. Қалған 16 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі.

 Қала әкімінің орынбасары жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына баса назар аударуды және құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау қажет екендігін ескертті.