ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛЫП, ЖАҢА БАСПАНАЛАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛЫП, ЖАҢА БАСПАНАЛАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Мемлекет басшысының Шымкент қаласына жасаған іс-сапары барысында Әлеуметтік тұрғыдан баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қолжетімді кредиттік тұрғын үй құрылысын жалғастыру тапсырмасына сәйкес, қаламызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Атап айтқанда, Құрылыс басқармасы тарапынан биыл 283,5 мың шаршы метрді құрайтын 3 592 пәтерлі 57 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 16 үй, Бозарық шағынауданында 36 үй, Ақжайық шағынауданында 9 үй салынады. Жыл соңына дейін 190, 7 мың шаршы метрді құрайтын 2412 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің терезелеріне темір қоршау орнатылуда.