Бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Орталық саябақта заманауи субұрқақ пайдалануға берілді.
Жаңа нысан қала инфрақұрылымының ажырамас бөлігіне айналып, тұрғындар мен қонақтар үшін серуендеуге және отбасылық демалыс өткізуге қолайлы орта қалыптастырады.
Субұрқақтың іске қосылуы саябақтың көркін ашып, Шымкенттің жайлылығы мен заманауи келбетін айшықтай түседі.