Заңсыз құрылысқа жол жоқ!

Заңсыз құрылысқа жол жоқ!

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан Асар ш.а., Жейхун көшесі №271 А жер теліміне тексеру жүргізіліп, заңсыз екендігі анықталды. Нәтижесінде тексеру нысаны тапсырыс берушінің өз еркімен бұзылды. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан заңсыз құрылыстарға мониторинг жүргізіліп, заң талаптары сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын хабарлаймыз. Бүгінде заңсыз құрылыстарды сот шешімімен бұзу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан да азаматтарды құрылыс салу барысында заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.