ШЫМКЕНТ: 31 ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Жыл басынан бері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты - 31 нысан бойынша 70 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, тиісті тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жуырда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрғынның шағымы бойынша тағы бір ғимарат құрылысына жоспардан тыс тексеру жүргізілген болатын. Тексеру барысында құрылыс нысанының тиісті рұқсат құжаттарының жоқ екендігі және жер телімінің нысаналық мақсатына сай келмейтіні анықталып нысан иесіне айыппұл салынды. Қазіргі таңда нұсқама бойынша сотқа талап арыз беруге байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда.