Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен екі қабатты құрылыс нысаны заңсыз деп табылып бұзу жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы, Ю.Гагарин көшесі 210 мекен-жайында орналасқан құрылыс нысанына тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жер телімнің нысаналы мақсаты тұрғын үй үшін берілгендігі анықталды. Алайда, жер телімінің иесі заң талаптарын бұзып, коммерциялық нысан салған.