ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін Тұран аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы, Тұран ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Тұран ауданы әкімдігі мамандары, Шымкент каласының қалалық орта сапасы жане бақылау басқармасы мен Шымкент қалалық Газ техникалық қызметі КММ-ның қызметкерлері газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тұран ауданы, Құрманбеков көшесінде жылыту маусымында улы газдың қауіптілігі бойынша түсіндірме және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға газ жабдықтарын жарамды күйде пайдалану және үй ішілік қызмет газ жабдығына қызмет көрсетуші (ВДГО) мекемелерімен келісім шартқа отыру маңыздылығы түсіндіріліп,жадынамалар таратылды. Газдабылқаққыштарды орнату ұсынылды.