Сынақ жұмыстары лифтінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, іске жарамды жағдайда болуын, кабинасы, кабинасының арқандары (шынжыр) мен аспаларының механизмдерін және олардың бекітілуі, тежегіштің беріктігі, лифтінің орнатылуы орнату сызбасына сәйкес екендігін тексеру үшін жүргізілетін болады. Қазіргі таңда тұрғын үйлердегі 28 лифт толық сынақтан өткізу жұмыстары аяқталуда. Тиісті жұмыстар аяқталған соң тұрғындарға пайдалануға берілетін болады. Алдағы уақытта басқарманың жоспары бойынша қызмет ету мерзімі өткен және тозығы жеткен 12 лифтіні модернизация бағдарламасы аясында тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Лифттерді жаңарту жұмыстары тұрғындардың өтініші бойынша аудан әкімшілігінің бастамасымен жүргізілетіндігін хабарлаймыз.