ҚҰРЫЛЫСТЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕДЕ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ҚҰРЫЛЫСТЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕДЕ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы сәулет, қала құрылысы саласына лицензиялау және сарапшыларды аттестациялау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуде.

Осы қызмет аясында іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары қызметіне лицензия беру және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу және сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттациядан өткізеді.

2022 жылы бұл бойынша басқармаға 570 өтінім түсіп, лицензия-48, қайта рәсімделген-123 лицензия берілген. 266  өтінім талапқа сай болмауына байланысты мақұлданбаса, 133 өтінім кері қайтарылыпты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лицензия алу жөніндегі  өтінімдерді қарау мерзімі 5 жұмыс күні, лицензияны қайта рәсімдеу үшін 3 жұмыс күн болып бекітілген.

Заңнама талаптарына сәйкес,  2023 жылға лицензия алу үшін бюджетке төленетін алым 10 АЕК – 34 500 теңге, ал лицензияны қайта рәсімдеуге 1 АЕК – 3 450 теңге болып белгіленді.

Ал 2022 жылға  сарапшыларды аттестаттау үшін 211 өтінім түсіп, оның ішінде 47-і мақұлданған. 164 өтінім талапқа сай келмеуіне байланысты кері қайтарылған.

Аттестациялау барысында тестілеу рәсімі «E-Qurylys.kz» жүйесі арқылы жүргізіледі. Электронды тәсіл 2022 жылдан бастап қолға алынған. Барлық өтінімдер «www.egov.kz» электрондық үкімет веб-портал арқылы жолданады.