Құқықтық сабақ

Құқықтық сабақ

2020 жылдың 20 ақпанында Шымкент қаласының қала құрылысн бақылау басқармасында Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.О.Акишев және заң бөлімінің бас маманы И.Татыбаев құқықтық сабақ өткізді.
Құқықытық сабақ барысында Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы №273-VI ҚРЗ Заңымен енгізілген өзгерістер бойынша, яғни «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары мен Әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтар жасауға жол бермеулері мен қызметкерлердің іскерлік стилінің стандарттары бойынша әдістемелік ұстанымдарды қатаң сақтау қажеттігі туралы айтылды.