Газды тұтынушылар тұрмыстағы газды пайдалану ережесін сақтаңыздар!

Газды тұтынушылар тұрмыстағы газды пайдалану ережесін сақтаңыздар!

1 % көміртегі тотығының (СО) концентрациясы – адам өліміне әкелетін мөлшер.

Көміртегі тотығы – оттегінің жеткіліксіздігінен (бөлмеде ауа вентиляциясы жоқ) газ толық жанбаған кезде пайда болатын улы газ.

Улы газ иіссіз және түссіз.

Ауадағы көміртегі тотығының 0,1 % концентрациясы кезінде адам бір сағаттан соң есінен танып қалады.

Түтіндік құбырлармен желдеткіш арналарында және газ аспаптарының қауіпсіздік автоматикасындағы ақаулықтар қайғылы жағдайға және үй ішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету келісім шартының болмауы газ беруді тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін.

Газды су жылытқыштарды тек ас бөлмесінде немесе арнайы жылытуға арналған желдеткіш арна мен желкөзі бар терезе қарастырылған бөлмеде орнатуға болады.

Түтіндік құбырлармен желдеткіш арналарының және газ жабдығының жұмысқа жарамдылығын және уақытылы тексерілуін қамтамасыз етіңіз.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Газ және газбен жабдықтау туралы заңына сәйкес, табиғи газды және  газ баллонды тұтынушылардың техникалық қызмет көрсету келісім шартын жасасу міндетті екенін ескертеді. 

Осы және өзгеде қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда, Сіз әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз.

«Газ және газбен жабдықтау» туралы заңына сәйкес, жеке үй және пәтер ішіндегі газ жабдықтарының жұмысқа жарамдылығына тұтынушылардың өздері жауапты.

Түтіннің қалыпты тартылуын бақылаңыз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз және қауіп төндірмеңіз!