Заңсыз құрылысқа жол жоқ!!!

Заңсыз құрылысқа жол жоқ!!!

     

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына арыз түскен. Арызды тексеру нәтижесінде, жеке кәсіпкер Б.С.Ж. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тауке хан даңғылы №160 үй №9 пәтер алдындағы жапсырлас құрылысты жерге құқық беретін құжатсыз, сәулет-жоспарлау тапсырмасыз, жұмыс жобасыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей және құзырлы органдарға хабарлама берместен заңсыз өз бетінше құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізгені анықталған.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 316 бабының 1-ші бөлігі және 321 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кодекстің 463 бабының 1-ші бөлігімен хаттама толтырылып негізінен қарау үшін Шымкент қаласының манадандырылған әкімшілік сотына жолданып, нәтижесінде кінәлі деп танылып, 25 АЕК айыппұл салынған.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес Басқарма талап арыз берген. Нәтижесінде, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2019 жылғы 18 шілдедегі №5265-19-00-2/1423 санды шешішімен  жеке кәсіпкер Б.С.Ж. тиесілі Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тауке хан даңғылы №160 үй №9 пәтер алдындағы жапсырлас құрылыс бұзу туралы шешімім қабылданған. Бұл іс 2019 жылы 23 қазанда Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында қаралып, жоғарыда көрсетілген сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.  

         Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің                          21 бабының 2 тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.