Құқықтық оқу!!!

Құқықтық оқу!!!

2020 жылдың  24 желтоқсанында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында

             «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында құқықтық оқу жүргізілді.

Оқу барысында Әдеп кодексінде көрсетілген мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеулері туралы айтылды.