ҚҰЖАТТАРЫ ЗАҢСЫЗ НЫСАН БҰЗЫЛДЫ
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Әл-Фараби ауданы, Қабанбай батыр көшесі, № 6 мекенжайдағы көп пәтерлі үйдің ауласында орналасқан бос ғимараттың заңдылығына зерделеу жұмысын жүргізді. Бұл іс-шара қала әкімінің тапсырмасымен іске асырылып отыр. Нәтижесінде аталған ғимараттың нысаналық мақсаты қолданыстағы спортзал екені, жалпы ауданы 648,0 м², пайдалануға қабылдау актісі тіркелмегені анықталды. Осы деректердің негізінде меншік иесіне тиісті түсіндірме жұмысы жүргізілді, нысанды өз еркімен бұзатыны жөнінде келісіліп, қазіргі таңда ғимарат толық бұзылды. Құрметті қала тұрғындары! Құрылыс-монтаждау жұмысының алдында заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Талап сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.