ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары және Газ техникалық қызметі МКК-нің жауапты мамандары улы газдың қауіптілігі бойынша түсіндірме және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттермен газ қауіпсіздігі бойынша тұрмыстық газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, өрттің алдын алу және төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін түсіндірілді.Газ иісі шыққанда жасалатын алғашқы іс-әрекеттер мен жауапкершіліктер талқыланады.