ТҰРАН АУДАНЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР МӘЖБҮРЛЕП БҰЗЫЛДЫ
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары кезекті тексеру кезінде Самал-1 шағынауданы, Т.Рысқұлов көшесі, №5А мекенжайындағы нысандардың меншік иесі жер телімін өз бетінше иеленіп, 8 нысанның құрылысын жүргізгенін анықтады. Тиісті жұмыс нәтижесінде басқарма мамандары осы нысандарды бұзу туралы сотқа талап-арыз беріп, соттың шешімімен құрылыс нысандары заңсыз деп танылды, қазіргі таңда бұзылуда. Құрметті қала тұрғындары! Құрылыс-монтаждау жұмысының алдында заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Заң талаптары сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.