ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ ЖЕДЕЛСАТЫЛАР ЖАҢАРТЫЛУДА
Қазіргі таңда «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы» аясында 27 ескі лифт жаңасына ауыстырылуда. Пайдалану мерзімі өткен және тозған жеделсатыларды тұрғындардың өтініші бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.