ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ
Құрметті қала тұрғындары! Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Сіздерді жылыту маусымында табиғи газдан улану оқиғаларының жиіленуін ескертеді және сіздерді қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Улы газ (немесе көміртек тотығы, СО) - түссіз, иіссіз және өте қауіпті газ. Сондықтан оны сезіну қиын, бірақ ол улануға және өлімге әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік шаралары: 1.Жылыту құрылғыларын (пеш, газ,газ тақтасын, газды ағынды су жылытқыш) үнемі тексеріп отырыңыз. •Пештерді, қазандықтарды және газ тақталарын уақытылы тексеріп, қызмет көрсетіңіз; •Мұржаларды кемінде жылына 1 рет тазалап отырыңыз. 2.Желдетуді қамтамасыз етіңіз •Үйдегі желдеткіштер, арналар (мұржаларды) мен шығатын желдеткіштердің ашық болуын қадағалаңыз; •Желдеткіш тесіктерін бітемеңіз. 3.Құрылғыларды дұрыс пайдаланыңыз •Газ тақтасын жай ғана жылыту үшін қолданбаңыз; .Газ жабдықтарын ашық қалдырып кетпеңіз. 4.Газдабылқаққышты орнатыңыз •Үйге улы газды анықтайтын газ дабылқаққышын қойыңыз қауіпті ерте анықтауға көмектеседі. Газдабылқаққыштың жұмыс істеуін тұрақты бақылаңыз. Егер сұрақтарыңыз болса 8 (7252) 52-02-42, 8701 333 40 15, 8771 165 08-49 Қалалық газ техникалық қызметіне, газ исі сезілсе 104 апаттық қызметіне хабарласыңыз.