Табиғи газдан уланудың алдын алу мақсатында жиналыс болып өтті
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету салалық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті Кеңес отырысының күн тәртібінде күнделікті және мереке кездерде тамақтан улану мен ботулизмнің алдын алу және тұрмыстық газ баллондарын заң нормалары бойынша пайдалану тақырыптары талқыланды. Басқарма мамандары тарапынан жиналыс барысында сұйытылған газды тұрмыстық мақсатта пайдаланудың талаптары түсіндірілді. Оның ішінде 2 қабаттан асатын көп пәтерлі үйлерде тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сақтауға, пайдалануға, сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларында жеке және заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына, газ құю станцияларында сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарға құюға тыйым салынады. Жиында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.