ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері кезекті тексеруді Еңбекші ауданы, Маятас елдімекенінде орналасқан демалыс аймағында жүргізді. Нәтижесінде «Рахат-Бадам» ЖШС-не тиесілі демалыс аймағында заңсыз құрылыс жүргізіліп, қора және киіз үй салынғаны белгілі болды. Тапсырыс беруші тарапынан құрылысты жүргізу барысында заң талаптары сақталмағаны анықталып, заңды тұлғаға 455 АЕК көлемінде айыппұл салынды, демалыс аймағының жұмысын тоқтату туралы нұсқама берілді. Құрметті қала тұрғындары! Құрылыс-монтаждау жұмысын бастамай тұрып заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Заң сақталмаған жағдайда айыппұл салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.