ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАН ТОЛЫҚ БҰЗЫЛДЫ
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала тұрғындарының шағымы бойынша Ш.Уәлиханов көшесіндегі №213/12 және №213/13 мекенжайда орналасқан нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұл жер телімі бастапқыда іргелес аумақты көркейту мақсатында берілген. Дегенмен, бұл талаптар ескерілмей, нысанда заңсыз коммерциялық нысан салынған. Сонымен қатар, пайдалануға беру туралы акт рәсімделмей жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Нәтижесінде басқарма тарапынан заңды тұлғаға қатысты сотқа талап-арыз берілді, нысан заңсыз деп танылып, сот шешімімен толық бұзылды. Құрметті қала тұрғындары! Құрылыс-монтаждау жұмысының алдында заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Заң сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.