ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ӘКЕЛЕДІ
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Қазыбек би көшесіндегі №12 үйге тексеру жүргізіп, ғимараттың 1-қабатына жапсарлас салынған мейрамхана құрылысын анықтады. Тапсырыс беруші үйдің 1-қабатындағы кәсіпкерлік мақсаттағы жайға бастырма орнату үшін берілген жер теліміне мейрамхананың қосымша асхана және тамақтану залын салып жатқаны белгілі болды. Нысаналық мақсатына сай келмейтін жер теліміне құрылыс жүргізіп, жерге тиісті құқық беру құжатынсыз, жобалау құжаттамасы мен авторлық, техникалық қадағалаусыз құрылыс жүргізгені үшін ол азаматқа айыппұл салынды, нысанды пайдалануды тоқтату және бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілді. Құрметті қала тұрғындары! Кез келген құрылыс жұмысын бастар алдында қолданыстағы заң талаптарына сәйкес рұқсат алуды және құрылыс нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Аталған талаптарды сақтамау ірі көлемдегі айыппұл салуға және заңсыз құрылысты мәжбүрлеп бұзуға себеп болуы мүмкін.