Бүгін көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласы бойынша семинар кеңес болып өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ-ның, Түркістан және Жамбыл облыстары, Шымкент қаласының аудандық әкімдіктерінің, қалалық басқармалардың, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Әділет департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның, биллингтік компанияның, өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген семинар кеңес болып өтті. Министрлік және ҚазОрталық ТКШ өкілдері көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы тиімділік, ашықтық және жауапкершілікті арттыруға бағытталған тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі түсіндірді. Тұрғын үй инспекциясы тарапынан әдістемеліктер таратылды. Кеңес барысында қатысушылар басқару формалары, басқару субъектілерінің функциялары, меншік иелерінің жиналыстарын өткізу және рәсімдеу тәртібі, сертификаттау, қабылданған актілер және басқа да көптеген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, министрлік өкілдерінен толық әрі нақты жауаптар алды.