ЗАҢСЫЗ ТОЙХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Сайрам тұрғын алабы, М.Жалил көшесіндегі "Shinar" салтанат сарайына тексеру жүргізу барысында бірқатар заң бұзу фактісін анықтады. Бұл нысан бастапқыда 1 қабатты шайхана ретінде пайдалануға қабылданған. Кейін меншік иесі ғимаратты қайта құрып, 2 қабатты «Shinar» салтанат сарайы ретінде пайдаланып келген. Тексеру нәтижесінде ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заң талаптары сақталмай реконструкциялау жүргізілгені анықталып, тойхананың жұмысы тоқтатылды. Құрметті тұрғындар! Қала мәдениеті мен қауіпсіздігі – баршаға ортақ. Сондықтан кез келген құрылыс немесе қайта құру жұмысын тек заң шеңберінде жүзеге асыру қажет екенін ескертеміз. Рұқсатсыз салынған нысан иесі айыппұл төлеп қана қоймай, сонымен қатар, заңсыз нысан мәжбүрлеп бұзылуы да мүмкін. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі